Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Халықаралық «Мирас» мектебіне қош келдіңіздер!

Құрметті достар! Мен сіздерді біздің бірегей мектеппен осы сайтта танысуға шақырамын.

Астана қаласындағы халықаралық «Мирас» мектебі өз есігін тұңғыш рет 1999 жылы 2 қыркүйекте ашты. Біздің мектептің басқа мектептерден қандай айырмашылықтары бар деп, бізден жиі сұрайды.

«Мирас» — Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы (IB PYP — бастауыш мектеп бағдарламасы, IB MYP — негізгі мектеп бағдарламасы және IB DP — дипломдық бағдарлама) бойынша авторизацияланып, мәртебе алған жалғыз мектеп. Мектеп ішінде құрастырылып, жүзеге асырылған авторлық біріктірілген бағдарламалар мемлекеттік және халықаралық талаптарға сай үйлесімділік тапқан.

«Мирас» — Францияның білім министрілігімен аккредиттелген француз бөлімі бар жалғыз мектеп. Осы бөлімде оқытылуы француз тілінде жүргізіледі.

«Мирас» — әр баланың дамуына, жалпы адамдық құндылықтарға, жылылық пен сенім артуға жағдай жасалынған орта.

«Мирас» — бір адамның жетістігі барлығына ортақ деп есептейтін мектеп.

Халықаралық «Мирас» мектебіне қош келдіңіздер!

Құрметпен,
Елена Хамитова
Мектеп директоры

Талдама
мен қолдау