Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Азия жүрегіндегі халықаралық білім ордасы



Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі 1999 жылдың 2 қыркүйегінде және ұлттық бағдарламалар мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын біріктіретін мемлекеттік емес білім құрылымы болып есептеледі. «Мирас» халықаралық мектебі 2004 жылдан бастап білім саласындағы халықаралық стандарттарына сәйкестігіне жетекші аккредиттеу дүниежүзілік агенттіктерімен (CIS және NEASC) аккредиттелген және 2014 жылы аккредитацияны сәтті дәлелдеді. Мектеп 2007 жылдан бастап Бастауыш мектеп бағдарламасы (IB PYP), 2004 жылдаң бастап Негізгі мектеп бағдарламасы (IB MYP) және 20011 жылдан бастап Дипломдық бағдарламасы (IB DP) бойынша Халықаралық Бакалавриат Ұйымының авторизациясынан өткен.

Кембридж Университетінің аккредитациясы оқушыларға мектеп ішінде халықаралық үлгідегі негізгі орта білім туралы сертификатын алуға арналған IGCSE емтихандарына дайындалуға және тапсыруға мүмкіндік береді. 2001 жылдан бастап «Мирас» мектебі ЮНЕСКО-ның қауымдастық ұйымына енген мектебі болып есептеледі. Оқу процессі, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2011 жылдан бастап мектеп ішінде Француз секциясы өз жұмысын бастады. Оқуы француз тілінде жүргізіледі.

Мектептің интернационалдық ұжымы 12 мемлекеттен келген мұғалімдер мен оқушылардан құрылады. Барлық мұғалімдер халықаралық семинар-тренингтерден тәжірибеден өткен, оның ішінен екі педагог ХБ бағдарламаларың енгізу бойынша сертификатталған тренер болып есептеледі. Мектеп ерекше әдістемелік орталық болып табылады. Жыл сайн мектеп ішінде қаланың, республиканың және ТМД елдерінің мұғалімдеріне арналған семинарлар, конференциялар ұйымдастырлады.

Астана қаласы бойынша Ұлттық Бақылау Тестерінің нәтижелері бойынша жылда үздік білім мекемелерінің ішіне кіреді, 10 бітіруші Алтын белгімен марапатталған, 6 бітіруші үздік аттестат иесі, 6 оқушы Халықаралық Мектептер Кеңесінің «Интернационалдық көзқарасы үшін» белгісімен марапатталған. 70 оқушы Халықаралық Бакалавриатының негізгі мектебін бітіру туралы сертификаттары мен куәлік иелері. Тек соңғы үш жыл ішінде 100 оқушы әр түрлі-деңгейлі олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.

Мектеп белсенді қызықты өмір сүреді: балаларға өз қабілеттерін дамыту үшін интеллектуалды және спорттық байқаулар мен жарыстар, ассамблеялар, жалпы мектептік шаралар өткізіледі.

Мектеп «Қызмет пен қоғам» бағдарламасына ерекше қөңіл бөледі. Осы бағдарлама бойынша балалар соғыс ардагерлеріне, жетім балаларға және мүгедектерге көмек көрсетуге арналған ауқымды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.

Талдама
мен қолдау