Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Оқушыларды Халықаралық «Мирас» мектебіне қабылдау шарттары

Оқушылар мектепке тиісті сыныпта/топта бос орын болса және қабылдау тесттің нәтижелері негізінде қабылданады.

Оқушыларды қабылдау бойынша координатор оқушыларды қабылдау шараларын ұйымдастыру үшін жауапты (ата-аналарға әңгімелесу/тесттің болатын күнін, мектепке қабылдануға керекті құжаттар тізімін және әңгімелесудің/тесттің нәтижелерін хабарлайды).

Қабылдау саясатына сәйкес, оқушыны мектепке қабылдау туралы соңғы шешімді мектеп директоры қабылдайды.

Балабақша және мектепке дейінгі мекеме

Балабақшаға немесе мектепке дейінгі мекемеге балаларды қабылдау үшін баламен психолог, логопед және Мектепке дейінгі білім бөлімінің координаторы әңгімелесу жүргізеді.

Мектепке дейінгі мекемеге қабылданған кезде баламен психолог, логопед және мектеп дәрігері әңгімелесу жүргізеді.

Балабақшаға немесе мектепке дейінгі мекемеге балаларды қабылдау туралы соңғы шешімді мектеп директоры қабылдайды.

1–5 сыныптар

Қабылдау тесті:

· 1-сынып үшін - психологпен және логопедпен әңгімелесу;

· Математика («Мирас» мектебіндегі оқу тілінің бірінде жүргізіледі: орыс немесе ағылшын тілінде);

Орыс тілі (орыс тілі ана тілі болып келетін оқушылар үшін).

6–11 сыныптар

Қабылдау тесті:

· Ағылшын тілі және математика (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама үшін);

· Орыс, ағылшын тілдері және математика (орыс тілінде оқытылатын бағдарлама үшін);

Мектепке қабылдану үшін әр пән бойынша кем дегенде 60%-дық білім деңгейін көрсету керек.

50–59% көрсеткен оқушылар мектепке сынақ мерзімге қабылданады.

Дипломдық бағдарлама бойынша қабылдау шарттары (11-12 сыныптар)

Дипломдық бағдарлама бойынша оқуға түсу үшін оқушылар керекті құжаттарды тапсырып, барлық қабылдау тесттерді сәтті тапсыру қажет:

  1. Ана тілі (ағылшын, орыс тілдері)

· 1-бөлім: әдеби шығарманы талдау

· 2-бөлім: эссе

  1. Ағылшын екінші тіл ретінде (ESL)

· 1-бөлім: мәтінді оқу және түсіну

· 2-бөлім: эссе

  1. Математика

Дипломдық бағдарлама бойынша қабылдау тесттері сәуірдің екінші жартысында және тамыздың екінші жартысында Астана және Алматы қалаларындағы «Мирас» мектептерінде жүргізіледі.

Мектеп негізгі мектеп директоры және Дипломдық бағдарламаның координаторымен қосымша әңгімелесу белгілеуге құқылы.

Қосымша ақпарат алу үшін, балаларды қабылдау үйлестірушісі Меруерт Нұрсейітоваға хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 (7172) 36 98 67, info@miras-astana.kz

Талдама
мен қолдау