Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

«Мирас» мектебіндегі ?нер фестивалі - 2013

«Мирас» мектебіндегі ?нер фестивалі - 2013 18.11.2013

2013 жылы 28 ?азан мен 1 ?араша аралы?ында Астана ?аласында?ы Халы?аралы? «Мирас» мектебінде «Н?рс?лтан Назарбаевты? Білім ?оры» ?? 15 жылды?ына орайлас?ан Екінші д?ст?рлі ?нер фестивалі ?тті. Фестивальді? ма?саты балаларды? шы?армашылы?ын ?стемелеп алды?а жетелеу, жа?а ой мен бастамаларды ?олдау, сонымен ?атар атал?ан іс-шара?а мектеп ?ауымдасты?ын белсенді ?атысу?а жетелеу.

Бір апта бойы бастауыш ж?не негізгі мектеп о?ушылары ?шін ?р т?рлі іс-шаралар ?йымдастырылды. Д?йсенбіден ж?ма?а дейін барлы? о?ушыларды?, ата-аналар мен м??алімдерді? к??іл-к?йін к?теру ма?сатында т?рлі ба?ытта?ы музыка ойнап т?рды. 6-12-сынып о?ушылары арт-постерлер жасаумен айналысты. ?р сынып белгілі бір та?ырып бойынша ?згелерге ??самайтын ?зіндік бір ж?мыстар жасап шы?арды. Мысалы: «Балет», «Кино», «С?н» ж?не «Цирк». Бесінші к?ні Студенттік Ке?есті? ?кілдері ?орытынды ассамблеяда ?ткізілетін ?айырымдылы? аукционында сатылым?а ?ойылатын е? жа?сы постерді та?дады. Бастауыш мектеп о?ушылары болса ?р т?рлі техника мен ба?ытта орындал?ан шы?армашылы? ж?мыстарыны? к?рме галлереясын ?йымдастырды. Б?л ж?мыстар да Студенттік Ке?еспен ба?аланып, барлы?ыны? ішінен 10 ж?мыс ?ана та?далып ?айырымдылы? аукционында сатылым?а ?ойылды. Б?л к?рмені? ?йымдастырушылары Бейнелеу ?нері ж?не флористика п?ндеріні? м??алімдері Тара?ова Шолпан мен Денисова Людмила болды.

Француз секциясының оқушылары «Орта ғасыр әдебиеті, өнері және мәдениеті» тақырыбына қызықты презентация дайындады. Бұл жұмыс бүкіл мектеп оқушылары ішінде үлкен табысқа ие болды. Презентацияның супервайзері француз тілінің мұғалімі Грегори Галман болды. Дәл осы күні Анатолий Кузнецовтың жетекшілігімен «Интеллектуалды марафон» ұйымдастырылып, өткізілді. Марафон «Музыка мен өнердің ғажайып әлемі» тақырыбына арналды.

Сейсенбі, 29 қазан күні, «Қызмет көрсету және қоғам» өзара әрекеттестік саласы аясында Гүлдана Несіпбаеваның жетекшілігімен қайырымдылық концерті өткізілді. Бұл концертке студенттер «Мирас» мектебінің мұғалімдерімен және ата-аналарымен бірігіп қатысты, сондай-ақ «Поющие ручки» қауымдастығының қонақтары қатысты. Концерттік залға кіру тек билет арқылы ғана жүзеге асырылды, билет бағасы 300 теңгені құрады. Түсірілген барлық ақша қаражаты қайырымдылық мақсатымен № 65 мектеп-гимназиясына (есту қабілеті нашар балаларға арналған түзету сыныптары) көмек ретінде тапсырылды. Жиналған қаражат сомасы 76300 тг. құрады.

31 қазан барлық студенттер, ата-аналар және мұғалімдер үшін жарқын оқиғасымен есте қалды, бұл оқиға — кәсіби өнер иелерімен бірге жүргізілген ток-шоу. Кездесуге қалада аты әйгілі «Астана Опера» театрының солисты, халықаралық байқаулар жеңімпазы, Милан қаласындағы «Ла скала» театрының опера әншісі — Гүлжанат Сапақова; «Астана Опера» театрының балеринасы, хореограф-биші — Елена Безбородова; суретші, педагог, Қазақстан қалаларында жыл сайын өткізіліп тұратын көрмелердің қатысушысы, жеке көрмелер авторы — Серик Бокажанов; сондай-ақ музыкант, Италия мен Қазақстандағы скрипка класы бойынша халықаралық байқаулар лауреаты — Ілияс Дүйсен шақырылды. Ток-шоу барысында балалар кәсіпқойлармен әр түрлі тақырыптарға әңгімелесе алды және ең күтпеген, қызықты сұрақтар қоя алды. Мысалы, «Егер Сіздің өмірді қайта сүруге мүмкіндігіңіз болып жатса, ол қандай болар еді?», «Сіздің ермегіңіз бар ма?» және т.б.

Шақырылған өнер иелері өздерінің дарындарын концерт залының сахнасында көрсетті. Олар Верди, Паганини және Чайковскийдің әйгілі шығармаларының кейбірін орындап шықты. Студенттермен әңгімелескеннен кейін балалардың ең үздік сұрақтарын іріктеді және оларға өздерінің қолтаңбалары бар ескерткіш сыйлықтар тарту етті. Ток шоу ұйымдастырушылары қонақтарға «Мирас» мектебінің оқушыларының қолымен жасалған кәдесыйларды табыстады. Өнер фестивалі туралы рефлексияда дәл осы шара көпшіліктің есінде қаларлықтай деп танылды.

1 қараша жұма күні концерт залындағы үлкен экранда қызықты фотосюжеттер мен іс-шаралар бейнеленген өнер фестивалінің қорытынды ассамблеясы өтті. Мектеп тарихында алғашқы рет классикалық ағылшын жүйесі ережелерімен өткізілген қайырымдылық аукционы болды. Студенттік Кеңестің өкілдерімен таңдалған 10 жұмыс 100-ден 5000 теңгеге дейінгі бағамен сатылымға қойылды. Бұл шара жеңіл және ықыласпен өтті. Оқушылардың қалған жұмыстары негізгі мектептің атриумында сатып алынды.

Жиналған барлық ақшалай қаражат баланың емделуіне жіберіледі. Бұл күні Дипломдық бағдарламаның оқушылары рефлексия толтырудың бейнелер мен суреттер түріндегі (көбелектер, жапырақтар, гүлдер және т.б.) айрықша формасын ұсынды.

Ассамблея соңында көрермендер Астана қаласының жастар мен жасөспірімдерге арналған би ұжымының әдемі шоуына шақырылды. «Ренессанс», «Бомонд», «Көктем», «DanceRelaxStudio», «Меруерт» және «Dance School-23» би студияларының өкілдері қатысты. Ұмытылмас би концертінің ұйымдастырушысы бастауыш сынып мұғалімі Задорожная Ольга болды.

Щербет Ракишева
«?нер» кафедрасыны? ме?гер?шісі


Талдама
мен қолдау