Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Құрметті ата- аналар!

Құрметті ата- аналар! 11.03.2016

Наурыз — әр түрлі іс — шараларға, мерекелерге толы, көктемнің алғашқы айларының бірі.

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесін өткізгеннен кейін, мектеп барлығымыздың сүйікті мерекеміз — «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз жаңару мен жандану мерекесін өткізуге дайындалады.

Биылғы оқу жылында Наурыз мейрамы наурыздың 14-нен бастап 18 — не дейін Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы аясында өткізіледі.

14,15 және 16 наурызда студенттер сабақтан кейін шеберлік сағаты қолөнер және халық шығармашылығына қатысады, сондай — ақ іс — шаралар барысында Астанадағы мәдени орталықтармен бірігіп, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті мен салт -дәстүрімен танысады. Бұл апта бойы асханада әр халықтың тағамдары ұсынылады, ал серуендеуде және үзілістер кезінде балалар ұлттық ойындар ойнайды.

Біз ата — аналарды мерекеге шақырамыз:

— Балалардың қолынан жасалынған бұйымдар арнайы шақырылған шеберлер мен ұлттардың мәдени орталық өкілдерінің қатысуымен өтеді. Жасалған бұйымдар қайырымдылық жәрмеңкесінде сатылады. Жәрмеңке бейсенбі, 17 наурызда 14.00–16.00-дейін негізгі мектептің атриумында өтеді. Сатылымнан түскен қаржы көмекке қажет қайырымдылық қорларына табысталады.
— 18 наурызда сағат 15.30-да бастауыш мектептің ата-аналары мен оқушылары үшін мектеп асханасында, негізгі және жоғарғы мектеп үшін негізі мектептің спортзалында мерекелік дастарқан жайылады. Мерекеге белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.


Талдама
мен қолдау