Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Мәдениаралық хабардарлық күні 2017

17.11.2017

Бүгін, 17-ші қараша күні, «Мирас» халықаралық мектебінде жыл сайынғы Мәдениаралық хабардарлық күні өтті. Бұл біздің мектеп үшін маңызды және ерекше күн болды, себебі бұл күн біздің барлық шетелдік студенттерді, мұғалімдерді және қонақтарды біріктірді.

«Мирас» халықаралық мектебі оқушылардың халықаралық дүниетанымын дамытуға, әр түрлі мәдениеттердің ерекшеліктерін қабылдауға және түсінуге көмектесуге тырысады, біз адам құқықтары мен маңызды рухани құндылықтарға құрметпен қарауды қолдаймыз. Біз өзара байланыса дамушы әлемге өз үлесін қосуға қабілетті болашақ саналы және білімді азаматтарды тәрбиелеуге тырысамыз. Жыл сайын аталып өтілетін Мәдениаралық хабардарлық күні - мектеп қоғамдастығының ең сүйікті шараларының бірі. Біз бұл мерекені атап өтуді ұнатамыз, себебі ол біздің көпмәдениетті және көпұлтты мектеп ортасын айқындайды және әр оқушыға өз қабілетін көрсетіп, әлемдегі басқа ұлттардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді!

Фотогалерея

Талдама
мен қолдау