Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

2017 жылғы 3 желтоқсанда өткен Жаңа жылдық Қайырымдылық Жәрмеңкесі.

03.12.2017

Құрметті ағайындар! 3 желтоқсанда Radisson Astana мейманханасында болып өткен 10 мерейтойлық Жаңа жылғы жәрмеңке қатысушыларына шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Қазақстандағы уәкілетті Елшілердің Жұбайларының Қауымдастығы аталған іс-шараны жыл сайын ұйымдастырады. Бұл айтарлықтай маңызы бар қайырымдылық іс-шараға барлық елшіліктер, дипломатиялық миссиялар мен кейбір халықаралық мектептер қатысып, дәстүрлі дәмді тағамдарын, кәдесыйлар мен сыйлықтар, басқа да көптеген қызықты заттарды қолжетімді бағамен сатады. Ісшарадан жиналған барлық қаражаттар кейін Қазақстанның қайырымдылық ұйымдары мен балалар үйлеріне беріледі. Аталған ісшара барасында жиналған сома жыл сайын артып, жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала қоғамдастығының ісшараға деген қызығушылығы жылдан жылға жоғарылауда. Астана қаласының «Мирас» Халықаралық мектебі де аталған ісшараға ат салысты. Мектеп студенттері бір ай бойы өз қолдарымен Жаңа жылға ашық хаттар мен бұйымдар дайындап, суреттер салды. Сондай-ақ, осы күні дәмді нан өнімдері дайындалды. Ата-аналардың қолдауы мен ұйымшыл дайындық арқасында біздің мектеп 103 мың теңге жинап, аталған сома Қазақстандағы мұқтаж жандар мен жетім балаларға көмек ретінде берілді.

Көрмеде біздің мектептің DP бағдарламасының студенттері өте керемет жұмыс жасады. Сонымен қатар біздің мұғалімдеріміз Мисс Дипа, Мисс Элинор, Мисс Рабиға, Мисс Майра және жоғары мектеп көмекшісі Мисс Айгерім де аталған шараға өз еркімен қатысты. Сіздерге көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз!


Талдама
мен қолдау