Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

«Етік киген мысық» спектаклі

31.01.2018

2018 жылғы 30-шы қаңтар, сейсенбі күні, «Мирас» мектебінің концерт залының сахнасында Ш.Перро ертегісіне негізделген «Етік киген мысық» спектаклінің алғашқы қойылымы өтті. Бұл қойылымға Үйлесімді даму орталығындағы «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жас актерлері екі ай бойы дайындалды. Көркем костюмдер, мистикалық декорациялар және әртістердің ойыны көрермендерді баурап әкетті. Кейбір қатысушылардың тұңғыш ойыны ешкімді енжар қалдырмады. Қойылымды ұйымдастырған актерлік шеберлік мұғалімі - Ракишева Ш.С.


Талдама
мен қолдау