Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Қазақстан және бүкіл әлемде француз білім беру жүйесі дегенізіміз - ол:

  • сапалы білім беру: 95,9% бакалавриат емтихандарын сәтті тапсыру;
  • Франция, Еуропа және бүкіл әлем университеттері танитын және мойындайтын диплом;
  • француз білім беру жүйесіне сәйкес құрастырылған оқу бағдарламасы;
  • шетел тілдерін тереңдетіп оқу (француз, орыс және қазақ тілдері);
  • халықаралық деңгейдегі болашақ;
  • балабақшадан бастап бітіруші сыныптарға дейін білім алу мүмкіндігі;
  • әлемдегі ең ежелгі халықаралық мектеп жүйесінің тәжірибесі.

Француз мектептері бүкіл әлемде орналасқан

Француз мектептері әлемнің көптеген елдерінде орналасқан. Француз мемлекетінің Білім беру министрлігінің санағы бойынша әлемнің 135 мемлекетінде 494 француз мектептерінде 320 000 студенттер білім алуда.

Францияның бірегей мектеп жүйесі барлық әлемде жақсы ықпалын тигізіп, республикалық моделінің өзегі болып келетін әмбебап гуманистік құндылықтарды ұстанады.

Сапа кепілдігі

Францияның Білім беру министрлігімен берілетін аттестат француз білім беру жүйесінің ережелеріне, талаптарына және педагогикалық мақсаттарына сәйкес келетіндігін растайды.

Соңғы 20 жылда француз мектептеріне студенттерді қабылдау 50% -ға ұлғайды және білім беру сапасы жоғары-деңгейде көрсетіліп келеді.Француз секциясына арнайы құрастырылған оқу бағдарламасы өзіндік француз бакалавриатының принциптерін ұстана отырып, жергілікті мәдениет пен тілді-де қамтиды.

2014 жылы оқушылардың 95,9% -ы емтихандарды жақсы тапсырды. Оның ішінде жартысынан көбі үздік деген бағаға ие болды. Осы көрсеткіш француз бакалавриатының мектеп жүйесінің жоғары-деңгейдегі сапасын тағы бір мәрте растады.

Франциядағы оқу бағдарламасының үлгісіндегі оқу бағдарламасы

Шетелдік француз білім беру жүйесі шетелде тұратын француз студенттеріне өз ана тілдерінде Франция мемлекетінде бекітілген оқу бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Олар Францияның Білім беру министрлігінің бекіткен оқу бағдарламасымен оқиды және отандастарының тапсыратын емтихандарын (brevet, baccalaureate)тапсырады. Француз секциясының оқу жүйесі ата-аналары жұмыс бабымен басқа елдерге белгілі уақытқа қоныс аударатын балаларға өте тиімді болып келеді. Бұл оқу жүйесі оларға балабақшадан бастап бітіруші сыныптарға дейін білім алуға мүмкіндік береді.

Шетелде француз секциясының негізгі мектебі сұраныста болғандықтан, біздің серіктестеріміз Француз зиялылар миссиясы (MLF) және Centre national d'enseignement à distance (CNED) француз секциясының оқу бағдарламасының Францияның ұлттық білім беру нұсқаулықтарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, біздің оқушыларымыздың Халықаралық «Мирас» мектебіндегі шетел тілдері сабақтарына қатысуы оларға халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді (5-сыныптан бастап екінші тілді үйрену, екі тілді сыныптар, еуропалық және халықаралық сыныптар).

Халықаралық «Мирас» мектебіндегі француз секциясы

Француз тілінде Францияның ұлттық білім беру нұсқаулықтарына сәйкес оқу бағдарламасы бойынша білім алғысы келетін және Францияның ұлттық дипломына (brevet and baccalaureate) емтихан тапсырғысы келетін үміт білдірушілер үшін француз секциясының (Францияның Білім беру министрлігімен аккредиттелген) есігі әрдайым ашық.

Француз секциясы 2011 жылдың қыркүйегінде ашылды . 2012 жылдың қаңтар айында Көлік министрі Тьери Маряни тұсауын кесті. 2011 жылдың шілде айында ірі француз компанияларының (Total, Airbus, Alstom) қаржылай қолдауымен Француз зиялылар миссиясы және Н.Назарбаевтың білім беру қорының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі таңда француз секциясы 4 мұғалім және 27 студенттен (3 жастық деңгей) тұрады:

  • Балабақша: 3–5 жас
  • Бастауыш мектеп (1–4 классы): 6 — 10 жас
  • Негізгі мектеп (5- 11- сыныптар): 11- 17 жас.

Француз секциясы туралы толық ақпарат алу үшін Француз секциясының үйлестірушісі, месье Пьер Калленске (direction.astana.miras@mlfmonde.org, тел. +7 707 942 04 15) немесе негізгі мектептің хатшысы / балаларды қабылдау үйлестірушісі Меруерт Нұрсейітоваға (info@miras-astana.kz, +7 7172 36 98 67) хабарласуыңызды сұраймыз.

Талдама
мен қолдау