Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Халықаралық «Мирас» мектебіндегі француз секциясы

Француз секциясы Француз зиялылар миссиясының мектептер желілерінің мүшесі болып келеді. Француз секциясының есігі барлық француз тілінде Францияның Білім беру министрлігімен бекітілген оқу бағдарламасы бойынша білім алғысы келетін және Францияның ұлттық дипломына (brevet and baccalaureate) емтихан тапсырғысы келетін үміт білдірушілер үшін әрдайым ашық.

Қазіргі таңда француз секциясында Францияның Білім беру министрлігіне бағынатын 3 мұғалім және 1 франкофон мұғалім (француз тілі ана тілі болып келетін адам) білім береді. Олар үш жастық деңгейге жауапты: балабақша, бастауыш мектеп және негізгі мектеп.

La Maternelle (Балабақша)

PS Petite Section (кіші топ) 3 жас
MS Moyenne Section (орта топ) 4 жас
GS Grande Section (мектепалды даярлық топ) 5 жас

Француз секциясының балабақшасы 3–5 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Қабылданған балалар келесі үш жастық топқа бөлінеді: кіші топ (PS), орта топ (MS) және мектепалды даярлық топ (GS).

Француз секциясның балабақшасы балалары француз тілінде сөйлейтін немесе француз тілінде сөйлеп үйренгенін қалайтын ата-аналарға өте ыңғайлы болып келеді.

«Мирас» балабақшасының оқу кестесіне сәйкес (7:45—17:45, дүйсенбі — жұма, оқу жылы бойы) Француз секциясының балабақшасының (Maternelle) оқу кестесі төмендегідей құрылды:

  • 8:00 - 13:00 уақыт аралығында балаларды жоғары француз білімін алған франкофон мұғалім оқытады.
  • 13:00 - 18:00 уақыт аралығында балаларды француз тілін жетік меңгерген (B2, CEFR) орыс тілді мұғалім оқытады.

Топтық уақытта (түскі ас, демалыс уақыты) және кейбір сабақтарда (ағылшын, орыс тілі, музыка, дене тәрбиесі) мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері (GS) «Мирас» мектебінің мектепалды даярлық тобына қосылады.

Ата-аналарының қалауы бойынша кіші және орта топтарының балалары үйге сағат 13:00-де, ал мектепалды даярлық тобының балалары 15:20-да кетуіне болады.

Бастауыш мектеп

CP Cours Préparatoire (1-сынып) 6 жас
CE1 Cours Élémentaire 1ère année (2-сынып) 7 жас
CE2 Cours Élémentaire 2ème année (3-сынып) 8 жас
CM1 Cours Moyen 1ère année (4-сынып) 9 жас
CM2 Cours Moyen 2ème année (5-сынып) 10 жас

Француз секциясының бастауыш мектебі 1-5-сыныптарына оқушыларды қабылдайды. Барлық оқушылар Францияның Білім беру министрлігі тағайындаған педагог және Француз секциясының үйлестірушісінің қызметін қоса атқарын мұғалімнің бақылауымен тікелей білім алады.

Ағылшын, орыс тілдері, EPS, музыка және бейнелеу өнері пәндерін «Мирас» мектебінің мұғалімдері жүргізеді. Француз секциясының оқушылары жастарына және деңгейлеріне сәйкес «Мирас» мектебінің сыныптарына қосылады. Сонымен қатар ас ішу уақытында Француз секциясының оқушылары «Мирас» мектебінің оқушыларымен бірге ас ішеді.

Негізгі мектеп

Орта мектеп (6 — 9 — сыныптар) пен Негізгі мектеп (10-12-сыныптар) оқушылары CNED (Қашықтықтан оқыту ұлттық орталығы) бойынша гуманитарлық ғылымдар, математика және ғылымдарға жауапты француз тілді мұғалімдердің бақылауымен білім алады.

9-сынып оқушылары ұлттық сертификат алуға, 11-сынып оқушылары French baccalaureate, ал 12-сынып оқушылары general Baccalaureate емтихандарына дайындалады.

Француз секциясына қабылданған оқушылардың санына байланысты 5-6-сыныптарда математика және француз тілі сабақтарын француз тілді мұғалімдер тікелей оқытады.

Француз секциясының оқушылары «Мирас» мектебінің орыс және, ағылшын тілдерінде жүргізілетін келесі сабақтарына қатысады: ағылшын тілі, орыс тілі, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері және информатика.

Француз секциясының барлық бастауыш және негізгі мектеп оқушыларын CNED (Қашықтықтан оқыту ұлттық орталығы) тіркеу қажет. Оқу жылының басында оқушылар CNED тіркегенін дәлелдейтін құжат және CNED сейкестендiрме нөмiрiн тапсыру керек.

Жаңа оқушылар бұрынғы мектептен барлық есептерді және келесі сыныпқа өтуге рұқсат қағазды тапсырулары қажет. Француз мектебінде оқымаған жаңа студенттер қабылдау емтиханын тапсырады.

Француз секциясы туралы толық ақпарат алу үшін Француз секциясының үйлестірушісі, месье Пьер Калленске (direction.astana.miras@mlfmonde.org , тел. +7 707 942 04 15) немесе негізгі мектептің хатшысы / балаларды қабылдау үйлестірушісі Меруерт Нұрсейітоваға (info@miras-astana.kz, +7 7172 36 98 67) хабарласуыңызды сұраймыз.

Талдама
мен қолдау