Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Астана қаласатындағы «Мирас» халықаралық мектебінің балабақшасы 2 жастан 5 жасқа дейінгі ең кішкентай бүлдіршіндерге оқу мүмкіндігін беру үшін, өз жұмысын 2010 жылдың тамыз айында бастады. Балабақшаның біріктірілген оқу бағдарламасы өз ішінде ұлттық мектепке дейінгі білім мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының (IB PYP) талаптарын үйлестіріп, балалардың әрі қарай оқуы үшін арналған білімдері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Ағылшын тілі оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады және барлық оқушылар оқылады. Балабақшада француз тілінде жұмыс жасалатын топ бар. Бұл топтың оқуы Франция елінің Білім министірлігінің талаптарымен сәйкес жүргізіледі.

Күні бойы балаларды тек мұғалімдер ғана емес, сондай-ақ мектептің медициналық қызметі, логопед, психологтар және пән мұғалімдері аялап, мәпелеп күтетін болады. Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарына сәйкес, бес мезгіл тамақтандыру мен бірге күн сайын міндетті түрде медициналық бақылаудан өтеді.

Балабақшаның маңайындағы үлкен кеңістік ойнауға ғана емес, және әр түрлі жарыстар мен байқауларды өткізуге арналған. Балабақшаның ішінде өтетін шаралар әрқашан да жоғары-деңгейде ұйымдастырылады.

Келіңіздер, өздеріңіз көріңіздер!

Құрметпен, Ирина Руденко
Мектепке дейінгі білім бөлімінің координаторы

Талдама
мен қолдау