Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі студенттердің жан-жақты дамуына , халықаралық түсінімінің қалыптасуына ықпал ететін, халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде, үздіксіз білім беру дағдысы қалыптасқан, ынталандырушы және қолайлы ортамен қамтамасыз етеді.
  

+7 (7172) 36 98 67

+7 (7172) 36 98 68

Қазақстан, Астана қ., Күйші Дина к-сі 32, 34

Құрметті әріптестер, қымбатты оқушылар және ата-аналар!

«Мирас» халықаралық мектебінде интернационалдық көзқарас деген оқу философиясының негізгі компоненті болып есептеледі. Бұл компонент екі стандарттар мен тұжырымдаманың — қазақстандық және халықаралық — бағдарламалардың біріктірілуі арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектеп (3 жастан бастап 11 жасқа дейін) Халықаралық Бакалавриат Ұйымымен аккредиттелген, бұл бізге Бастауыш мектебінің бағдарламасы (PYP) бойынша оқу жүргізуге мүмкіндік береді. Осы халықаралық бағдарлама зерттеу жүргізуге негізделген, жан жақты оқу тәсілдемелер жасау мақсатымен Қазақстандық білім стандарттармен кіріктірілген. Біздің мұғалімдер — жоғары мамандандырылған әрі өз жұмысына адал Қазақстандық және басқа мемлекеттен келген педагогтар.

Біздің мақсатымыз — білуге құмар, білімді және қамқор студенттерді тәрбиелеу.

Джаред Табита
Бастауыш мектептің директоры

Талдама
мен қолдау